«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ЖЕҢІС ТАЙШЫТАЕВ АСТАНА ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2025 жылғы 21 Шілде
- Астана қаласы
503 просмотров

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен және Өңірлік кеңестің келісімімен Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Жеңіс Тайшытаев тағайындалды.

Жеңіс Тайшытаев 1978 жылы Арқалық қаласында дүниеге келген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдады. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдап, магистр дәрежесін алды. 2020 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітіріп, бакалавр дәрежесін иеленді.

Мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жүйесінде жұмыс істеу тәжірибесі мол.

Әр жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, «РТС Деко» АҚ өңірлік даму жөніндегі директоры, сондай-ақ «Аксиома Монтаж» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер