«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Индустриялық сертификаттау

ИНДУСТРИЯЛЫҚ СЕРТИФИКАТ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1) тармақшасына және ҰКП Төралқасының 2020 жылғы 20 ақпандағы шешімімен бекітілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ индустриялық сертификат беру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі – ОӨ тізілімі) қалыптастырады және жүргізеді.

Индустриялық сертификат - өтініш берушінің ОӨ тізілімінде болуын растайтын құжат.

Индустриялық сертификатының қолданылу саласымен осы файлда танысуға болады.

ӨТІНІШ БЕРУШІНІ ОӨ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ ПРОЦЕДУРАСЫ

1)    Салалық қауымдастықтар (одақтар) мен салалық сарапшылар тізбесінен салалық қауымдастық пен салалық сарапшыны таңдау және шартқа қол қою;

2)    Өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу және салалық сарапшының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру жай-күйіне талдау жасау туралы қорытынды беру. Салалық сарапшының оң қорытындысы өтініш берушіні ОӨ тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады

3)    Өтініш беруші https://doc24.kz сайты арқылы өндірістің нақты аумақтық орналасуы бойынша ӨКП таңдап, ОӨ тізіліміне енгізу туралы өтінішті ресімдейді.
Өтініш беруші ОӨ тізіліміне енгізу туралы өтінішті ресімдеу сәтінде электрондық сертификаттау жүйесіне мынадай құжаттарды жүктейді:

a.    Қағиданың 4-ші бөліміне сәйкес құжаттар;

b.    Салалық сарапшының қорытындысы.

4)    ӨКП уәкілетті тұлғасының өтінімді қарауы:

ӨКП уәкілетті тұлғасы өтінімді электрондық сертификаттау жүйесіне келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша ӨКП уәкілетті тұлғасы өндіріс орналасқан жерге баруды жүзеге асырады.

Өтініш берушінің өтінішін, салалық сарапшының қорытындысын және тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін ӨКП уәкілетті тұлғасы өндіріс орналасқан жерге шығу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық сертификаттау жүйесінде өтініш берушіні ОӨ тізіліміне енгізу туралы қорытынды қалыптастырады. Өтінім берушіні ОӨ тізіліміне енгізу туралы қорытындыға қол қойылғаннан кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне электрондық сертификаттау жүйесі арқылы оның ОӨ тізіліміне енгізілгені туралы хабарлама жіберіледі. ОӨ тізілімі ҰКП-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

Өтінім берушінің ОӨ тізіліміне енгізілгені туралы растайтын құжат электрондық сертификаттау жүйесінде қалыптастырылатын индустриялық сертификат болып табылады.

Өтініш берушінің ОӨ тізілімінде болу мерзімі және индустриялық сертификаттың қолданылу мерзімі – Қағиданың 12-бөліміне сәйкес өзектендіруді ескере отырып, ұзарту құқығымен 36 (отыз алты) ай.

Өтініш берушіні ОӨ тізіліміне енгізу ӨКП өтеусіз негізде жүргізіледі.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ Индустриялық сертификат беру қағидалары

Перечень отраслевых ассоциаций (союзов) и отраслевых экспертов Национальной палаты

Отраслевые критерии мебельной промышленности

Отраслевые критерии IT отрасли

Отраслевые критерии легкой промышленности

Отраслевые критерии машиностроения и металлообработки

Отраслевые критерии предприятий издательско-полиграфической отрасли для проведения анализа состояния производства товаров, работ и услуг

Отраслевые критерии для оценки производственно-хозяйственной деятельности предприятия – производителя бумажно-беловой продукции и анализа соблюдения основных требований к производству

Еншілес ұйымдар

Серіктестер