«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бастау» түлегі Біріккен Араб Әмірліктеріне сүт өнімдерін экспорттайтын болады

2019 жылғы 16 Қаңтар
- Қарағанды облысы

Сләмбек Қинаятұлы «Бастау» жобасының алғашқы легі тыңдаушыларының бірі. Қарағандылық ауыл шаруашылығы өндірушісі ұсынған өнімге шетелдік компаниялар қызығушылық танытқан.

Әлемдік нарыққа шыға алатын сүт өнімдерін әзірге Қарқаралы ауданында сүт өңдеу цехы ғана шығарып отыр. «Атамекен» жеке кәсіпкерлігі жұмысын 2017 жылы бастаған, жеке кәсіпкерлік иесі «Бастау» курсына қатысып, жеке кәсіп бастауға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 18 млн теңге қаржы алды. Кәсіпкерге бизнес-жоспарды қорғаудан бастап кәсіп ашуға дейін Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері сүйемелдеу көрсеткен.

 Кәсіпорын басшысының айтуынша, Біріккен Араб Әмірлігінен жергілкті құртты сатып алу ұсынысы түскен, ал Германия ерекше технологиямен дайындалатын сары майды сатып алуға ынта білдірген.

 «Біздің Қарқаралымызға туристер келді, қонақтар цехымыз өндіретін ұлттық тағамдар: құрт, майдың дәмін татып, тәнті болды. Өйткені менің құртым ерекше технологиямен әзірленеді. Арабтар құрттың бірнеше түрін өз елдеріне алып кетті. Аз уақыттан соң жауап келді. Арабтар құрт өніміне сараптама жүргізіп, оның 98%-ға табиғи өнімнен жасалатынын анықтаған. Олар бірден бізбен жұмыс істеуге құлшыныс танытып, тапсырыс берді. Енді құжаттарды реттеп жатырмын. Ұлттық тағамымыз басқа елде танымал болатынын мақтан тұтамын», – деді кәсіпкер Сләмбек Қинаятұлы.

 Кәсіпкер сүт өнімдерінің 11 түрін өндіреді. Кәсіпкер «Қазақстанның үздік тауары-2018» өңірлік көрме-байқауына қатысқан болатын. Кәсіпорын күніне 2 тонна шикізатты өндіре алады. Алайда қыста жабдық толық қуатта жұмыс істемейді.

«Ауданда бізге қажетті майлылықта – 4%-дан кем емес сүт аз. Жұмысымыз маусымдық. «Сыбаға» мемлекеттік бағдараламасы бойынша 50 асыл тұқымды сиыр сатып алу жоспарланған. Ірі қара басын көбейтетін боламыз. Кәсіпті қажетті майлылықта сүтті жыл бойына өндіруге болатындай жағдай жасаймыз. Өйткені өнімге деген сұраныс жоғары», – деді «Бастау» түлегі.  

 Айта кетелік, 2017 жылы ғана басталған жоба Қарағанды облысының мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жеке кәсіп ашып, хоббиді бизнес идеяға айналдыруға мүмкіндік берді. 2018 жылы бағдарлама облыстың барлық ауданы мен қалаларын қамтыды. Биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасы «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының «Жыл қалаулысы» аталымын иеленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер