«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

Хабарландыру

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) Съезд өткізу күні мен уақытының өзгеруі туралы хабарлайды.

ҚР ҰКП Съезі 2019 жылы 24 қазанда сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 52, «Тәуелсіздік сарайында» өтеді.

Съезге қатысушыларды тіркеу 2019 жылы 24 қазанда сағат 09:00 басталып, сағат 10:30-де аяқталады.

Тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат және/немесе съезге қатысушыларға электрондық пошта арқылы жолданатын арнайы электронды-цифрлық кодты (QR код) көрсету қажет.

Анықтама телефондары: + 7 (7172) 91-93-00, 1432

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын) құру туралы

мүддесін білдіруін сұрату

         Қазақстан Республикасының Ұлттық  экономика министрінің  2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы»   № 103 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы әкімдігімен Қызылорда облысындағы газ нысандарын пайдалану үшін «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құруы жоспарлануда.

         Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорынды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, 2019 жылдың 18 қазанына дейін Қызылорда облысының әкімдігіне, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс,1, 403 кабинет (Облыстық мекемелер үйі, 4 қабат)  мекен-жайына ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.

Байланыс үшін: Исмалаев Олжас Қаласұлы

 тел.: +7 (7242) 60 53 93.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ҚР ҰКП Төралқасы Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

ҚР ҰКП съезі 2019 жылы 25 қазанда сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 52, «Тәуелсіздік сарайында» өтеді. Съезге қатысушыларды тіркеу 2019 жылы 25 қазанда сағат 14:00 басталып, сағат 14:30-да аяқталады.

Тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат және/немесе съезге қатысушыларға электрондық пошта арқылы жолданатын арнайы электронды-цифрлық кодты (QR код) көрсету қажет.

Күн тәртібі:

1.  Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҚР ҰКП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы;

2. ҚР ҰКП үш жылдық кезеңге арналған индикативтік ортамерзімді бюджетінің кейбір мәселелері туралы;

3. ҚР ҰКП Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

4. ҚР ҰКП Төралқасы жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау туралы;

5. ҚР ҰКП Ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту және ҚР ҰКП Ревизиялық комиссиясы туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы;

6. Ресей Федерациясындағы (Мәскеу қ.) ҚР ҰКП өкілдігінің кейбір мәселелері туралы;

7. Басқа да мәселелер.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Съезге қатысушыларға Съезд өткізілетін күнге дейін электрондық байланыс арқылы қосымша жолданатын болады.

Анықтама телефондары: + 7 (7172) 91-93-00, 1432

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыстар мен өмір сүру сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі-ИИДМБ-3) жобасын әзірледі.

 Осыған байланысты, ИИДМБ-3 жобасын қарауды және ағымдағы жылдың 22 шілдесінен кешіктірмей негіздемелері мен есептеулерін қоса бере отырып, қаржыландыру үлгілері бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер жіберуді сұраймыз. Сонымен қатар, қаржыландыру бойынша негіздер қосымша берілмеген жағдайда ұсыныстар қабылданбайды.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ «Export for development»

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы

«Атамекен» келесі өнімдерді шығаруды ұйымдастыру кезінде offtake-келісімшарттарын жасауға ықтимал болатын шарттарға келіп түскен өтінімдер туралы хабарлайды:

1) автоматты диагностикалау жүйесі (тапсырыс беруші – ҚМГ);

2) су және басқа таза, химиялық бейтарап сұйықтарға арналған ортадан тепкіш бір сатылы консоль сорғыш (ҚМГ);

3) жеке компьютер.

Осыған байланысты, адал бәсекелестік және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықтың мүдделі өкілдерін қарастырылып жатқан өнімдер бойынша баламалы өтінімдерді беруге шақырады.

Қабылдау мерзімі: 2019 жыл 17 мамырға дейін (осы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап 10 жұмыс күн).

Өтінімдерді қабылдау – services.atameken.kz кәсіпкердің бірыңғай терезесі арқылы.

«Атамекен»  өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша Жобалық кеңсенің, сондай-ақ, келесі өнімдерді шығаруды ұйымдастыру кезінде offtake-келісімшарттарын жасауға ықтимал  болатын шарттарға келіп түскен өтінімдер туралы хабарлайды:

1) автоматты диагностикалау жүйесі (тапсырыс беруші – ҚТЖ),

2) рессор үстіндегі арқалық (ҚТЖ),

3) вагонды баяулатқыш (ҚТЖ).

Осыған байланысты, адал бәсекелестік және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықтың мүдделі өкілдерін қарастырылып жатқан өнімдер бойынша баламалы өтінімдерді беруге шақырады.

Қабылдау мерзімі: 2019 жыл 30 сәуірге дейін (осы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап 10 жұмыс күн).

Өтінімдерді қабылдау – services.atameken.kz кәсіпкердің бірыңғай терезесі арқылы.

2019 жылғы 4 сәуірінде сағат 15.00 «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы («Атамекен» ҰКП) ғимаратында Қазақстандағы аудитор мамандығын тұрақты дамуына жәрдемдесу, аудиторлық қызметті реттеу механизмін дамыту мақсатында «Атамекен» ҰКП алаңында, аудиторлық қызмет саласындағы алдыңғы әлемдік тәжірибе негізінде әзірленген Қадағалаушы орган моделінің жобасын талқылау өтеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен «Атамекен» ҰКП арасындағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша елдің рейтингін жақсарту бойынша бірлескен іс-шаралар қарастырылған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде аймақтармен бейнеконференцбайланысты қолдана отырып, дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шараға бизнес қоғамдастықтар мен «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталарының өкілдері қатысады. Елдің бизнес құрылымдарының бухгалтерлік есеп мәселелері туралы хабардар болуын жақсарту, «Атамекен» ҰКП ҚЕХС және АХС қолдану мақсатында бейнеконференцбайланыс арқылы мүдделі тұлғалардың кең ауқымын қатысу мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге қатысуға ниет білдірушілерді 2019 жылғы 4 сәуірінде сағат 15.00 (Астана уақыты) «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталарына шақырамыз. Ұйымдастыру сұрақтары бойынша телефондарға қоңырау шалу: 8 (7172) 91 93 38, 75 04 34, 75 04 50, 75 02 65.

Сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап дайындау үшін 2019 жылғы 1 сәуіріне дейін me.blyalova@minfin.gov.kz, l.karabalaeva@minfin.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы қауымдастықтар (одақтар) мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарды аккредиттеуді қайта жаңарту туралы. 

«Атамекен» Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ары қарай – Ұлттық палата) ҰКП Төралқасының 13.05.2016 жылғы №11 шешімімен (ары қарай – Ережелер) бекітілген Ұлттық палата жүйесіндегі кәсіпкерлік саласындағы қауымдастықтар (одақтар), өзін-өзі реттейтін ұйымдарды аккредиттеу Ережелері мен біліктілік талаптарына сәйкес Ұлттық палатадағы қауымдастық және өзін-өзі реттейтін ұйымдар формасында жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғаларды аккредиттеу өткізілетіні туралы хабарлайды.    

Ұлттық палатадағы аккредиттеу республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сонымен қатар шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік пен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың республикалық қауымдастықтарға (одақтар) қатысты өткізіледі.

Аккредиттеуге құжат тапсыру мерзімі 2017 жылдың 15 маусымынан бастап 15 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Құжаттар топтамасы қағаз жүзінде немесе электронды формада жолданады. Ережелермен қарастырылған құжаттар топтамасын қауымдастықтар Ұлттық палатаға келесі мекенжай бойынша жолдайды: ҚР, индекс 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі 8, «Зүбәржат орамы» бизнес орталығы, «Б»  блогы, e-mail: n.shayakhmetov@palata.kz (байланыс телефоны: 91-93-56 (ішкі: 1972).

Ұлттық палатадан аккредиттеуден өту үшін Ұлттық палатаға жолданатын құжаттар тізбесі:

1) ережелердегі 1-қағидамен бекітілген форма (қауымдастықтар (одақтар) үшін) немесе 2-қағидамен бекітілген форма (өзін-өзі реттейтін ұйымдар үшін) бойынша өтініш беру. Аталмыш өтінішке қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымның  мүддесін сенімхатсыз немесе сенімхатпен (сенімхат көшірмесін қоса береді) таныстыруға өкілетті жетекшісі қол қоюы қажет;

2) қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйым қызметі туралы есеп пен біліктілік талаптарымен бекітілген қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйым қызметін растайтын құжаттар тапсыру;

3) сондай-ақ Ұлттық палатада аккредиттеу үшін:

- Ұлттық палата Төралқасының оның құрамына қауымдастықтар (одақтар) немесе өзін-өзі реттейтін ұйым дауыс беру құқығына ие өз өкілін (өкілдерін); Комитет қызметінің саласына жетекшілік ететін комитет туралы мәліметтер;

- жоғарыда көрсетілген өкіл (өкілдер) туралы мәліметтер (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі туралы мәлімет, оның ішінде экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тәжірибесі, жеке куәліктің көшірмесі енгізілген);

-    Ұлттық палата Төралқасының өзге де комитеттері туралы мәліметтер, қауымдастықтың (одақтың) немесе өзін-өзі реттейтін ұйымның кеңес беру дауысының құқығы бар өкілі (өкілдері), сондай-ақ жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мәлімет (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі туралы мәлімет, оның ішінде экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тәжірибесі, жеке куәліктің көшірмесі енгізілген);

-    қауымдастықтан (одақтан), өзін-өзі реттейтін ұйымнан Съезд жұмысына қатысуға ұсынылатын өкіл туралы мәлімет;

4) қауымдастықтың (одақтың), өзін-өзі реттейтін ұйымның штаттық қызметкерлерінің Т.А.Ә. мен атқаратын қызметі көрсетілген тізімі;

5) сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымды аккредиттеу үшін:

- коммерциялық емес ұйымның қауымдастық (одақ) немесе Қазақстан Республикасы заңымен бекіткен өзге ұйымдастырушылық-құқықтық түрдегі қалыпта мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы БСН көрсетілген анықтама;

- коммерциялық емес ұйымның міндетті немесе ерікті мүшелік (қатысу) негізіндегі өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін жүзеге асыруы басталғаны туралы хабарламаны қабылдағаны туралы өкілетті органның көшірмесі;

- ҚР «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңында қарастырылған мәліметтер енгізілген Жарғы;

- өзін-өзі реттеу ұйымының ережесі мен стандартының тізімі; ал міндетті мүшелікке (қатысу) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымын аккредиттеу кезінде  – ереже мен стандарттар мәтінін қосымша тіркеумен сондай өзін-өзі реттеу ұйымының әрбір ережесі мен стандартына Ұлттық палатаның қорытындысы;

- өздігінен реттелетін ұйым мүшелерінің тізімі, жалпы нарықтағы тауарлардың олардың жасаған тауарларының көлемін қоса есептегенде, сондай-ақ, әрбір адам туралы ақпарат: заңды тұлға атауы немесе тегі, жеке тұлғаның аты-жөні, мемлекеттік тіркеу анықтамасы бойынша заңды мекенжайы, байланыс ақпараты, (телефон, электронды поштасы), бірінші басшысының аты-жөні;  

Біліктілік талаптар мен аккредиттеуден өту процедурасы Ережелермен бекітілген.  

Ұлттық палата Төралқасының Комитеттері қағидалары мен Ережелерінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://palata.kz/ru/pages/127 «ҰКП құжаттары»: «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ережелері мен басқа да құжаттары» IV тарауының 3-тармағы және «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Комитеттері туралы қағидасының» VII тарауы.   

Нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында («Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту) аудандық үйлестірушілерді іріктеу басталды.

2017 жылы «Атамекен» ҰКП Қазақстанның 80 ауылдық аудандарындағы жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарға «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасын іске қосады.

*Аудандар тізімін өңірлік кәсіпкерлер палатасынан нақтылап алу қажет (тізім бойынша байланыстағы тұлғалардан).

«Бастау Бизнес» жобасына барлығы 80 аудандық үйлестірушіні тарту жоспарлануда.

Өңірлік үйлестіруші ретінде қызмет көрсеткісі келетін үміткерлер (өтеулі қызмет көрсету шарты негізінде) өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы комиссиямен қарастырылады.

Аудандық үйлестірушілерге қойылатын талаптар:

Аудандық үйлестіруші ретіндегі жұмысқа төмендегі талаптарға сәйкес келетін үміткерлер жіберіледі:

- жас шамасы 23 – 50 аралығындағы;

- жоғары білімі бар (мүмкіндігінше);

- сервистік қызмет көрсету бойынша консультация жүргізу тәжірибесі 1 (бір) жылдан кем емес немесе осы саладағы жұмыс тәжірибесі 2 (екі) жылдан кем емес (мүмкіндігінше);

- мемлекеттік және орыс тілдерін білетін;

- кеңселік негізгі бағдарламаларды білетін, әлеуметтік желілер мен телефон мессенджерлерін белсенді пайдаланатын;

- тіл табыса білетін және келіссөздер жүргізе алатын.

Міндеттері

«Бастау Бизнес» жобасы аудандық үйлестірушілерінің міндеттері:

- аудан орталықтарында практикалық сабақтарды ұйымдастырумен байланысты ұйымдастыру-техникалық мәселелерін шешу (ұйымдастыру, ақпараттандыру, тестілеу);

- сабақтың кестесін/жоспарын келісу және орналастыру;

- жеке консультациялар кестесін келісу және түзету;

- жобаға қатысушылардың толық келуін қамтамасыз ету;

- өткізілетін оқытудың тиімділігін саралау кері байланыс», оқыту тиімділігін бағалау және сапасын мониторингтеу);

- білім алушыға бизнес-планды әзірлеу және бастапқы қорғау кезінде көмек көрсету (қажетті құжаттарды жинау, консультация беру және т.б.);

- жоба бойынша есеп беретін ақпарат әзірлеу және т.б.

Қызмет көрсету шарты:

- 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбіден жұмаға дейін (сағат 09-00 – 18-00), сенбі (сағат 09.00-14.00);

- басқа ауылдық елді мекендерге іссапарға шығуы мүмкін.

 

Аудандық үйлестірушілерді іріктеу мәселесімен өңірлік кәсіпкерлер палатасына келесі байланыстар арқылы жүгінуге болады

Өңірлік кәсіпкерлер

палатасы

Мекенжайы

Телефондар

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша байланыстағы тұлға

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы

Көкшетау қаласы, 

Абай көшесі, 96

Tел: 8 (7162) 72-25-48

e-mail: kokshetau@palata.kz

Марат Алтынбеков

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы

Ақтөбе қаласы, 

Сәңкібай батыр д/лы 22 К, «Қазына» БО

Тел: 8 (7132) 74-46-07

e-mail: aktobe@palata.kz

Бауыржан Дарқұлов

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы

 

Талдықорған қаласы,

Абай көшесі, 254 «А»

Тел: 8 (7282) 40-14-99

e-mail: zhetysu@palata.kz

Ерлан Датқаев

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы

 

Атырау қаласы, 

Сәтбаев д/лы, 78

Тел: 8 (7122) 77-76-06, 76-36-55

e-mail: atyrau@palata.kz

Ақан Қайырғалиев

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы

Өскемен қаласы,

Жеңіс д/лы, 6, 2-қабат

Tел: +7 7232 25 12 87

e-mail: oskemen@palata.kz

Марина Мун

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы

Тараз қаласы,

Төле би көшесі, 93 «А»

Tел: 8 (7262) 55-59 00, 55-59-01

e-mail: zhambyl@palata.kz

Диана Түкпетова

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы

Орал қаласы,

Т.Масин көшесі, 67

Тел: +7 7112 50 05 84

e-mail: uralsk@palata.kz

Мақсат Құланбаев

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы

Қарағанды қаласы,

Бұхар жырау д/лы, 49, «Қазақстан» БО

Тел: 8 (7212) 50-40-55

e-mail: karaganda@palata.kz

Жақсылық Ахметбеков

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы

Қостанай қаласы,

Әл-Фараби д/лы, 116, 305-каб.

Тел: +7 7142 39 42 08 

e-mail: kostanay@palata.kz

Роберт Юсупов

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы

Қызылорда қаласы,

Әйтеке би көшесі, 28

Тел: +7 7242 40 09 81

e-mail: kyzylorda@palata.kz

Жанат Матерзаева

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

Ақтау қаласы, 

35-шағын аудан, КҚКО ғимараты

Тел: 8 (7292) 30-40-40,

e-mail: aktau@palata.kz

Жарас Демеев

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы

Павлодар қаласы,

Ломов көшесі, 21

Тел: 8 (7182) 67-62-21,

e-mail: pavlodar@palata.kz

Әнел Жампейісова

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы

Петропавл қаласы,

Абай көшесі, 29

Тел: 8 (7152) 50-36-15,

e-mail: petropavl@palata.kz

Александр Бердниченко

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы

Шымкент қаласы,

Қонаев бульвары, 83/1,

«Атамекен» БО

Тел: +7 7252 99 80 10

e-mail: shymkent@palata.kz 

Данияр Дәрмен

Серіктестер