«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бюджет және қаржылық есеп

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ары қарай – ҰКП) 2018 жылғы бюджеті ҰКП Төралқасының шешімімен 2017 жылдың 27 қарашасында бекітілді (хаттама №21).

Кіріс 11 003,8 млн теңге деңгейінде жоспарланған және міндетті мүшелік жарнаның түсімінен (6 957,4 млн теңге), «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру табысынан (2 474,6 млн тенге), Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру табысынан (1 071,4 млн тенге), «АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» мемлекеттік тапсырмасын орындау табысынан (370,3 млн теңге), Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын өткізу табысынан (77,4 млн теңге), Еуроодақтан гранттық жобаға қатысу табысынан (22,2 млн теңге), сондай-ақ іс-шара өткізуге мақсатты жарнадан (30,5 млн теңге) тұрады.

Шығын 10 848,4 млн теңге деңгейінде жоспарланған, оның ішінде 3 814,4 млн теңге ҰКП орталық аппаратын қамтамыз ету мен ағымдағы шығынына бағытталған, өңірлік палаталар мен аудандық филиалдарды қамтамасыз етуге 3 065,2 млн теңге арналады, бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізуге, және мемлекеттік тапсырманы орындауға – 3 946,6 млн теңге, Еуроодақтан гранттық жобаға қатысуға – 22,2 млн теңге.

Еңбекақы төлеу қоры ҰКП Орталық аппаратына 1,6 млрд теңге көлемінде аударыммен 230 штаттық бірлікке жоспарланған, бекітілген штат саны – 300 бірлік. ҰКП еңбекақы төлеу жүйесінде сыйақы төлемі мен материалдық көмек қарастырылмаған.

Жалға алу шығынына 554,1 млн теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде жалпы ауданы 6,7 мың шаршы метр кеңселік орынжай жалға алу, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілге арналған 1 бірлік автокөлік пен автотұрақты жалға алу бар.

Іс-сапар шығыны 66,4 млн теңге деңгейінде жоспарланған. Оның ішінде іс-сапар шығынының 15,2% шетелдік іс-сапарларға тиесілі. Іс-сапар мақсаты: Қазақстан өнімін жеткізу, Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысына қатысу, меморандумдарға қол қою, кәсіпкерлер мен және жергілікті атқарушы органдармен кездесу және басқалары.

Тауарлық-материалдық қор алуға 77,6 млн теңге шығын қарастырылған (кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету үшін, кеңсе техникасына шығыс материалдары, тауардың шығарылған жері туралы сертификат бланкілері, имидждік өнім).

Материалдық емес активтерге қызмет көрсетуге 0,5 млн теңге көлемінде шығын жоспарланған және оған «1С:Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық қолдау қызметінің шығыны да кіреді.

Негізгі құралдарды (компьютерлер, оргтехника, кеңсе жабдығы) күту мен жөндеуге 6,8 млн теңге деңгейінде шығын жоспарланған.

Телекоммуникациялық және почта қызметіне 61,3 млн теңге деңгейінде шығын жоспарланған.

«Шеттегі мекемелердің қызметі» бабы бойынша 571,4 млн теңге көлемінде шығын жоспарланған және оның құрамындағы шығын:

- Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының функциясының қызмет етуіне арналған жұмыс 5,4 млн теңге;

- кәсіпкерлікті дамыту бойынша ақпараттық жұмыс қызметі 280 млн теңге, оның ішінде аудио-, видеороликтер, бағдарлама, ҰКП қызметі туралы фильм дайындау, интернет-порталдар, баспалық БАҚ-қа материалдар дайындау және жариялау, баспалық және электронды БАҚ-қа ақпараттық материалдарды жариялау, копирайтинг қызметі және т.б.;

- IT-инфрақұрылымның тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін 163,3 млн теңге көлемінде IT қызметі, оның ішінде Google Apps for Business корпоративтік почтасы, VPN виртуалды жеке меншік желі, электронды құжат айналымы, гибридті IP-телекоммуникациялар және басқалары;

- 21 млн теңге «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасын жүзеге асыру қызметіне;

- ҰКП байланыс-орталығы мен IT-инфрақұрылымын сүйемелдеу қызметі және дауды шешу үшін аралық сот пен арбитраж қызметін көрсетуге барлығы 30,3 млн теңге;

- шағын несие беруді автоматтандыру қызметіне 1,5 млн теңге;

- ақылы қызмет көрсету келісімшарты бойынша өзге де қызметтер 69,9 млн теңге көлемінде: оның ішінде келіп түсетін және жолданатын хаттарды уақытылы өңдеу, ҰКП келушілерді қарсы алу және сүйемелдеу; ресми құжаттарды түзеу және аудару қызметі, архивариус қызметі, біліктілік және копоративтік мәдениет және басқа қызметтер.

Іс-шара (Съезд, Төралқа және ҰКП өзге де ресми іс-шаралары) өткізуге 103,9 млн теңге жоспарланған, оның ішінде «Ұлы Дала елі» форумын өткізуге 30,5 млн теңге шығын мақсатты жарна есебінен қарастырылады.

Қызметкерлердің біліктілігін көтеруге 22,3 млн теңге шығын жоспарланған.

Жоспарда типография шығынына 14,9 млн теңге бөлінген.

Кеңес беру қызметіне 613,6 млн теңге көлемінде шығын қарастырылған және оған Заңға сәйкес аккредиттелген қауымдастықтармен ҰКП функциясын орындау (535,8 млн тенге), «Іскерлік ахуал» рейтингін дайындау және жүргізу (42 млн тенге), сонымен қатар кәсіпкерлердің сот төрелігі ахуалы мен оған қол жеткізу, жариялық-құқықтық қатынасқа қатысушы заңды тұлғалар туралы ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағалау бойынша тәуелсіз әлеуметтік зерттеу жүргізу (35,8 млн тенге) шығыны кіреді.

Қызметкерлерді еңбек міндетін орындау кезіндегі төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру шығынына 1,5 млн тенге қарастырылған.

Банк қызметінің шығыны – 9,7 млн теңге.

«Бизнестің жол картасы – 2020», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру шығынына 3 498,9 млн теңге жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізуге 77,4 млн теңгенің шығыны жоспарланған.

«АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» мемлекеттік тапсырмасын орындауға жоспарланған шығын – 370,3 млн теңге.

Халықаралық ұйымдардағы мүшелік жарнасын төлеу және Басқарма резерві кіретін басқа да шығындар – 104,9 млн теңге.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасында тегін негізде аударым» бабы бойынша шығын жоспарында 3 065,2 млн теңге қарастырылған және оған 16 ӨКП мен аудан орталықтары мен моноқалаларындағы 167 филиал қызметінің, 680 бірліктен тұратын бекітілген штаттың жекелеген шығыны кіреді.

Еуроодақтың гранттық жобасына қатысу аясында қызмет көрсету шығыны – 22,2 млн теңге.

«Капиталды салымдар» бөлімі

Бюджеттің 106,7 млн теңге көлеміндегі күтілетін пайдасындағы 97,6 млн теңге көлеміндегі капиталдық алымды кеңсе техникасын, жұмыс орнын жабдықтау үшін жиһаз алуға (істен шыққан және жөндеуге келмейтінінің орнына), сондай-ақ лицензиялық келісімдер мен лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге бағыттау жоспарланған.

 

Бюджет бабы

Бекітілген бюджет, млн теңге

Құрылымдағы үлес, %

КІРІС

11 003,8

100,0%

Міндетті мүшелік жарна

6 957,4

63,2%

Қызмет көрсетуден кіріс

3 993,7

36,3%

Басқа да кіріс

52,7

0,5%

ШЫҒЫС

10 848,4

100,0%

Кезең шығысы (әкімшілік шығыс)

3 814,4

35,2%

ӨКП-ге өтеусіз негіздегі аударым

3 065,2

28,3%

«БЖК-2020» бірыңғай бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру; «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізу, мемлекеттік тапсырманы орындау

3 946,6

36,4%

Өзге шығыс

22,2

0,2%

Салық салуға дейінгі кіріс

155,4

 

Корпоративтік табыс салығы

48,7

 

Таза табыс / шығын

106,7

 

КАПИТАЛДЫҚ САЛЫМ

97,6

100,0%

Негізгі құралдары алу

58,0

59,4%

Материалдық емес активтерді алу

39,6

40,6%

 

«Атамекен» ҚР ҰКП бюджетінің «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы бюджетінің орындалу есебі

Бюджеттің орындалуы 2016 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде дайындалды

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бюджеті (ары қарай – ҰКП) «Табыс», «Шығыс», «Капиталдық салым», «Қарыз» бөлімдерінен тұрады,

«Табыс» бөлімі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесі бойынша табыс міндетті мүшелік жарна мен бюджеттік қаржыдан тұратын 8 883,3 млн теңгені құрады (орындалу 95,5%).

Міндетті мүшелік жарна бойынша

Міндетті мүшелік жарна 5 864,4 млн теңге түседі деп жоспарланған. 2016 жылы 12 айда міндетті мүшелік жарнаның нақты түсімі – 5 417,4 млн теңге немесе орындау 92,4% болды.

Бюджеттік қаражат бойынша

Бизнестке қаржылық емес қолдау көрсету бойынша (Ұлттық экономика министрлігі), «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізу бойынша (Инвестициялар және даму министрлігі) және мемлекеттік тапсырмаларды орындау бойынша (Ауыл шаруашылығы министрлігі) келісімшарттар аясындағы табыс 12 айға 3 435,6 млн теңге жоспарланған. Халықаралық көрмеге қатысуды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуде жоспарланбаған табыс 89,8 млн теңгені құрады. Мұнымен қоса, бизнесменге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қолдау көрсету бойынша құралдары туралы ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуден (Кәсіпкерлікті қолдау орталықтар) табысы 61,1 млн теңгеге қысқартылған. Жоспарланған 3 435,6 млн теңгеден нақты 3 464,3 млн теңге түскен, орындау 100,8%-ды құрады. Бағам айырмалығына байланысты өзге де табыс 1,5 млн теңге болды.

«Шығыс» бөлімі

ҰКП жүйесі бойынша шығын 8 205,3 млн теңге болды (орындалу 93,4%), оның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Орталық аппаратының кезеңдегі ақы төлеу және ағымдағы шығындарға бағытталған шығын 2 862,3 млн теңге (орындалу 98,4%), өңірлік палаталар мен олардың филиалдарына бөлінетін қаржы –  2 049 млн теңге (орындалу 82,2%), «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру, «Алтын сапа» байқауын, халықаралық көрмелерді өткізу, мемлекеттік тапсырмаларды орындау – 3 291,8 млн теңге (орындалу – 97,3%), бағам айырмашалығы бойынша шығын – 2,2 млн теңге.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 300 бірлік бекітілген шататтық санында  31.12.2016ж. нақты саны 230 бірлік болды (оның ішінде 27 бірлік әлеуметтік демалыста). Аударымдарымен еңбекақы төлеу қорының шығыны 1 397 млн теңге немесе жоспардан 100,5%.

Ұлттық кәсіпкерлер палтасының кеңесе орындары мен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілге автокөлікті жалға алу шығыны 517,7 млн теңгені құрады (орындалу 99,8%).

Іс-сапар шығыны – 53,2 млн теңге немесе есептік кезеңдегі жоспардан 88,8%. ҰКП орталық аппаратының барлық қызметкерлері 367 іс-сапарға шыққан, 38,1 млн теңге мемлекет ішінде жасалған 306 сапарға жұмсалды,  шет елге жасалған 61 іс-сапарға 15,1 млн теңге шығындалды.

Тауарлық-материалдық қор алуға кеткен шығын (кеңсе тауарлары, имидждік өнімдер, тауардың шығарылған жеріне арналған сертификаттардың бланкілері) 28,7 млн теңге (орындалу 85,3%).

«Материалдық емес активтердің өтемпұлы» және «Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы» баптары бойынша орындау 49,4% немесе 27 млн теңгені құрады.

Материалдық емес активтерді күтуге және 1С: Бухгалтерия бағдарламасын қамтамасыз етуді және картриджерді толтыру қызметіне 2,9 млн теңге жұмсалды немесе 96,7%.

Байланыс және почта қызметіне 33,1 млн теңге шығындалды (орындалу 99,4%).

Өзге ұйымдардың қызметіне жұмсалған шығын 402,3 млн теңге (орындалу 97,9%), оның ішінде PR қызметі (БАҚ ақпарат жариялау, жарнамалық-ақпараттық материалдар дайындау, копирайтинг, фото-видеотүсірілім және т.б.) – 166 млн теңге, IT қызметі (электронды құжат айналымы, жеке виртуалды желі, корпоративті почта, гибридті IP коммуникация) - 194,3 млн теңге, басқа қызметтер (қонақтармен кездесу және сүйемелдеу қызметі, аудармашылар, канцелярия, кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметі және т.б.) – 41,4 млн теңге.

Іс-шараларды өткізуге 196,3 млн теңге шығындалды (орындалу 180,2%), оның ішінде «Алтын сапа» байқауын ұйымдастыру және өткізуге кеткен шығын – 71,1 млн теңге, халықаралық көрме өткізуге – 89,8 млн теңге, ҰКП іс-шаралары – 35,4 млн теңге: Астана қаласы кәсіпкерлерінің ІІІ жыл сайынғы конференциясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобымен келісім жасау, Іскер әйелдер кеңесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІІ Съезі, Қазақстан-Қытай туристік форумы, Төралқа отырысы және т.б.

Консалтинг қызметінің шығыны – 1 264 млн теңге (орындалу 99,9%), оған Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен қауымдастықтарды (одақтарды) қатыстыруға кеткен шығын, мемлекеттік тапсырманы орындау – 912 млн теңге, «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін жасауға - 19,7 млн теңге, тексеру жүргізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізгенде кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға талдау жасау – 12 млн теңге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік белсенділігінің ахуалы туралы Ұлттық баяндама дайындауға 11,8 млн теңге.

Басқа да шығынға (типрография қызметі, ақпараттық қызметтер, банк қызметі, қызметкерлерді сақтандыру шығын, басқа да шығындар) 13,2 млн теңге жұмсалды (орындалу 61,3%).

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының шығынын көрсететін «Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтеусіз негіздегі аударымдар» бабы бойынша 82,2% орындалды, яғни 2 049 млн теңге жұмсалған. Шығынның негізгі бөлігі 652 бірлікке еңбекақы қорына қаржы аудару (43,5%), кеңсе орындарын жалға алу және коммуналдық қызметтер (8,2%), байланыс және почта қызметі (1,8%), сыртқы мекемелердің қызметі (1,3%), іс-шара өткізумен (1,1%) байланысты. Кезең шығынан бөлек, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау шараларын жүзеге асыру шараларына 1 905,4 млн теңге жұмсалған:

  1. «Бизнес-Мектеп» жобасы бойынша 13 мың адам білім алған;

  2. «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» бағыты бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 мыңнан аса кеңес берілді;

  3. «Жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау» бағыты бойынша 66 мыңнан аса қызмет көрсетілген.

«Капиталдық салым» бөлімі

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілге және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне жиһаз алуға, сондай-ақ ақпараттық жүйесін автоматтандыру үшін серверлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуге 88,7 млн теңге жұмсалды, 89,2% орындалды.

«Қарыз» бөлімі

«Алмэкс Проект» ЖШС-нан кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу үшін 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат тартылды (орындалу 66,7%). 12 айдың қорытындысы бойынша 1 175,6 млн теңге бөлінді (орындалу 65,3%).

Есептік кезеңде жалпы сомасы 3 281 млн теңге болатын 569 өтінім қарауға түсті, оның ішінде 1960 млн теңге сомасында 387 өтінім мақұлданды (жергілікті атқарушы органдармен бірге).  

Бюджет

Жоспар, млн. тенге

Нақты, млн. тенге

Айырма (+/- ), млн. тенге

Орындалу, %

ТАБЫС

9 300,0

8 883,2

-416,8

95,5%

Міндетті мүшелік жарна

5 864,4

5 417,4

-447,0

92,4%

Қызмет көрсетуден түскен табыс

3 435,6

3 464,3

28,7

100,8%

Басқа да табыс

 

1,5

 

 

ШЫҒЫС

8 784,0

8 205,3

-578,7

93,4%

Кезеңдегі шығыс (әкімшілік шығыс)

2 907,5

2 862,3

-45,2

98,4%

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтеусіз негіздегі аударым

2 491,9

2 049,0

-442,9

82,2%

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру, «Алтын сапа» байқауын, халықаралық көрмелерді өткізу, мемлекеттік тапсырманы орындау

3 384,6

3 291,8

-92,8

97,3%

Басқа да шығын

 

2,2

2,2

 

Салық салғанға дейін табыс

516,0

677,9

161,9

 

Корпоративті табыс салығы

86,2

34,5

-51,7

 

Таза табыс / шығын

429,8

643,4

213,6

 

КАПИТАЛДЫ САЛЫМ

99,4

88,7

-10,7

89,2%

Негізгі құралдарды алу

37,6

37,0

-0,6

98,4%

Әкімшілік сипаттағы және өндірістік емес салаға капиталдық салым

61,8

51,7

-10,1

83,7%

ҚАРЫЗ

 

 

 

 

Алынған қарыз

1 800,0

1 200,0

-600,0

66,7%

Берілген қарыз

1 800,0

1 175,6

-624,4

65,3%

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы бюджетін орындаудың есебі

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы бюджеті «Табыс», «Шығыс», «Капиталдық салым», «Инвестициялар» бөлімдерінен тұрады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орындалуы 2015 жылдың қортындысы бойынша бухгалтерлік есеп мәліметінің негізінде дайындалды.

«Табыс» бөлімі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінен шамамен 1 млн мүше бар, оның ішінде 2015 жылы міндетті мүшелік жарна төлеушілер – 22 080 субъект (2030 субъектінің 2014 жылғы жиынтық табысы 2,8 млрд теңгеден жоғары – 1-6 млн теңге аралығында төлеушілер және 20 050 субъектінің 2014 жылғы жиынтық табысы 111,1 млн теңгеден жоғары, бірақ 2,8 млн теңгеден төмені – 158-ден 307 мың теңге аралығында төлеушілер). Бизнестің қалған 97,8% 2019 жылға дейін мүшелік жарна төлеуден босатылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 31 желтоқсандағы № 1560 «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарнаның шектік мөлшерін бекіту туралы» қаулысымен міндетті мүшелік жарнаның шектік көлемі бекітілген:

- 4 440 айлық есептік көрсеткіш – жылды жиынтық табысы алдыңғы есептік күнтізбелік жылда 1 500 000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары кәсіпкерлік субъектілері үшін;

- 160 айлық есептік көрсеткіш – жылдық жиынтық табысы алдыңғы есептік күнтізбелік жылдан 60 000 есе айлық есептік көрсеткіштен жоғары және 1 500 000 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін.

2015 жылға дейін қолданылған кәсіпкерлік субъектілерінің градациясы – міндетті мүшелік жарна 160 және 4 400 айлық есептік көрсеткіштеріне қарай міндетті мүшелік жарна төлеушілерді 2 санатқа бөлген. Міндетті мүшелік жарна арасындағы айырмашылық 27,5 есе болды.

Міндетті мүшелік жарна көлемін анықтауда тәсілдерді егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың (одақтар) өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Жұмысының қорытындысы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезінде 2 санаттың ішінде қосалқы 10 санатты бекіту (6 және 4 санат тиісінше 1, 2-санатқа) және әрбір қосымша санатқа міндетті мүшелік жарнаның көлемін белгілеу шешімі қабылданды. Міндетті мүшелік жарнаның ең төменгі көлемі алдыңғы 160 айлық есептік көрсеткіштен 50%-ға дейін және 4 400 айлық есептік көрсеткіштен 89%-ға дейін азайтылды.

2015 жылға дейін міндетті мүшелік жарна төлеудің қолданыстағы механизмінде құрылтайшылар немесе акция иелері (қатысу үлесі) арқылы байланысқан компаниялар тобына кіретін компанияға және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне ауыртпалықты азайту қарастырылмаған. Осыған орай Съезд міндетті мүшелік жарна төлеуден босатудың белгілерін бекітті:

  1. 50% көлемінде: есептік күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында заңды тұлға (негізгі ұйым) және 100% дауыс беру акциясы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде негізгі ұйымға жататын әрбір заңды тұлға;

  2. 25% көлемінде: есептік күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында заңды тұлға (негізгі ұйым) және 50% дауыс беру акциясы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде негізгі ұйымға жататын әрбір заңды тұлға.

Мұнымен қоса, мүгедектердің еңбегін пайдаланатын ұйымдар (мүгедектер саны кемінде 51%) міндетті мүшелік жарна төлеуден босатылады.

Нәтижесінде жарна төлеудің жаңа тәсілі міндетті мүшелік жарна бойынша жиынтық міндетті 2015 жылы 2 есе, 20,1 млрд теңгеден 10,1 млрд теңгеге дейін азайтуға алып келді. Міндетті мүшелік жарнаның 2014 жылғы деңгейін ескере отырып (жиынтық міндеттен 39,8%), 2015 жылы міндетті мүшелік жарнаның түсімі төлеушілердің жиынтық міндетінен 71% деңгейінде жоспарланған.

Осылайша, 2015 жылғы бюджеттің табыс бөлігі міндетті мүшелік жарна, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында қаржылай емес құрауыштарды жүзегеасыруға қатысты келісімшарт табысы, мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын зерттеу тапсырмасын орындау табысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауын өткізу бойынша келісімшартқа жоспарланған. Бұл бөлім бойынша бюджеттің табыс бөлігі 73,9% болды.

2015 жылы міндетті мүшелік жарнаның нақты түсімі 4 453,5 млн теңге болды, бекітілген жоспардың 62,4% құрады (жиынтық міндеттен 44,2%), кәсіпкерліктегі 22 080 субъектінің 7 532 субъектісі төлеген.

«Бизнестің жол картасы – 2020» аясында қаржылай емес құрауыштарды жүзеге асыру, «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқаларын өткізу, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындаудан түскен пайда – 3 801, 3 млн теңге (орындалуы 94,3%).

«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқаларын өткізу аясында жоспарланған 120 млн теңге сомасы үнемделіп, бюджетке 30 млн теңге қайтарылды.

«Шығыс» бөлімі

2015 жылдың шығыны –  8 210,9 млн теңге (орындалу 76%), оның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орталық аппаратының ағымдағы шығыны - 2 558,5 млн теңге (орындалу 84,6%), «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында қаржылай емес құрауышын жүзеге асыру шығыны, «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізу және мемлекеттік тапсырысты орындауға кеткен шығын – 3 269,1 млн теңге (орындалу 81,1%), өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен филиалдарын ұстау шығыны - 2 383,4 млн теңге (орындалу 63,6%).

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының беткіліген штат саны – 375 бірлік, 31.12.2015 ж. нақты саны – 264 адам, оған бала күтіміне байланысты демалыс пен басқа да әлеуметтік демалыстарда болған 20 адам қосылған. Еңбекақы төлеу қорына аударымымен 1 448,0 млн теңге шығындалды немесе жылдық жоспардың 96,8% орындалды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еңбекақы төлеу жүйесінде сыйыақы төлеу, еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы мен материалдық көмек беру қарастырылмаған.

Кеңсе орындарын жалға алу шығыны 514,6 млн теңге болды (орындалу 91,1%). Кеңсе орындарын жалға алу бойынша нақты шығын 468,9 млн теңге немесе жоспардан 109,8%-ды құрады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде жалға алынатын кеңсе орындарының  нормасы:

- республикалық деңгейде: мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ аппаратын орналастыру үшін орындау нормасы арасындағы орташа мән. Мысалы, министрліктің қатардағы қызметкеріне 7,5 ш.м нормасы бекітілген, ал «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – 9,5 ш.м., Ұлттық кәсіпкерлер палатасында республикалық деңгейде әр қызметкерге 8,5 ш.м. нормасына қолданылады.

- облыстық және аудандық деңгейде: ҚР  Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 «Мемлекеттік орган апараты мен арнайы орынжайлардың ауданының нормасы және телефон байланысын пайдалану ережесінің нормасы және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған нормаларға сай.

Өзінің ерекшелігіне қарай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жалға алатын орынның көп бөлігі 5 мәжіліс залынан тұрады, онда күн сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: салалық комитеттердің отырысы, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнесмендер, қауымдастықтар, шетелдік делегациялармен кездесулер, өңірлермен бейне-байланыс арқылы жиыналыстар және т.б.

Іс-сапар шығыны - 44,9 млн теңге немесе жылдық жоспардан 76,6% болды (Шетелдік іссапар бойынша ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.02.2008 ж. № 108 (Республикалық және жергілікті бюджет есебінен шетелге қызметтік іссапар шығынын мемлекеттік қызметкердің өтеуі  туралы» қаулысына сай бекітілген). 2015 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Орталық аппаратының қызметкерлері 335 іс-сапарға шықты, оның 32,2 млн теңгесі 271-і ел ішінде жұмсалды, ал шетелге 64 сапар жасалып, 12,7 млн теңге жұмсалды.

Тауарлық-материалдық қор алуға (кеңсе тауарлары, шығыс материалдары, билбордтар, баннерлер және т.б.) нақты шығын 23,9 млн теңге немесе 31,7% құрады.

Материалдық емес құрал-жабдық өтемпұлы мен негізгі құралдардың тозуы төмен (сәйкесінше 47,3% және 55,2%) негізгі құралдар мен материалдық емес құрал-жабдық өтемпұлы жоспарға қарағанда аз сатып алынған.

Негізгі құралдар мен материалдық емес құрал-жабдық өтемпұлы қызмет көрсету және жөндеу шығыны жоспарын орындау 85,6% немесе 4,9 млн теңгені құрады.

Байланыс қызметі бойынша 35,5% деңгейінде (18,4 млн теңге), почта қызметі – 75,6% (12,7 млн теңге).

Басқа мекемелердің қызметінің шығыны 48,5% болды, оның ішінде IT қызметі (электронды құжат айналымы, корпоративті почта, гибридті  IP-телекоммуникация, виртуальды жеке желі, байланыс-орталығын басқару) – 59,8% (64,1 млн теңге), PR қызметі (PR-сараптама, бренд мониторингі, бейнеролик дайындау, БАҚ-та ақпарат жариялау және т.б.) – 37,1% (39,4 млн теңге), аудармашылар қызметтер – 91,6% (6,3 млн теңге), және басқа да қызметтер (нотариус, кездесу және қонақтарды қарсы алу қызметтер) – 37,3% (9,9 млн теңге).

Іс-шараларды өткізуге арналған шығын 56,1% немесе 105,3 млн теңге жұмсалған. Оған ҚР Президентінің «Алтын сапа» байқауы мен «Қазақстанны үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізу (84,7 млн теңге), Съезд, ҰКП Төралқасының  ашық 2отырысын, , VIII Астана экономикалық форумының аясында мамандандырылған секцияны ұйымдастыру кіреді.

«Қызметкерлердің біліктілігін көтеру» бабының орындалуы 60,9%, яғни 2,8 млн теңге жұмсалған. Типографиялық шығын – 12,7% немесе 4,5 млн теңге, Ақпараттық қызметтер (мерзімді баспасөзге жазылу) – 3,8% темесе 81 мың. теңге, Банк қызметі – 68,5% немесе 4,3 млн теңге, Сақтандыру шығыны - 1,5% немесе 0,5 млн теңге (ерікті медициналық сақтанжыру шығынан оңтайландыру ретінде).

«Кеңес беру қызметі» бабы бойынша шығын жоспары 91,8%-ға орындалды немесе 1 839,3 млн теңге жұмсалды, оған мемлекеттік тапсырманы орындау (орындалуы 89% немесе 1 527,6 млн теңге, оның ішінде 422,2 млн теңгеге 22 қауымдастық атқарды) және ҰКП қызметін жүзеге асыратын аккредителген қауымдастықтарды (одақтар) қаржыландыру (108,6%-ға орындалды немесе 272,5 млн теңге жұмсалды) кіреді, 2014 жылға қарағанда 3,5 есе көп.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында қаржылай емес құрауыштарды жүзеге асыруға 1 656,7 млн теңге жұмсалды (орындалу 75%). 2015 жылы қаржылай емес қолдаудың 3 бағыты іске асырылды:

1. «Бизнес-Мектеп» жобасы бйоынша 15 мың адам оқытылып, 289 жоба іске асырылды;

2. «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары» бағыты бойынша 210 мың кеңес беріліп, 120 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетілді. Жоспарлық кеңес беруден бөлек, 1661 кәсіпорынды ашуға, 650-ден астам кәсіпкерге рұқсат құжаттарын алуға, 2880-нен астам кәсіпкерге мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржы алуға көмек көрсетілді.

3. «Жұмыс істеп тұрған бизнеске сервистік қолдау көрсету» бағыты бойынша 55 мың сервистік қызмет көрсетілді.

«Басқа да шығын» бабының орындалу 0,7% деңгейінде немесе 80 мың теңге жұмсалған (ҰКП тауарлық белгісін тіркеуге кеткен шығын).

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтеусіз негізде аударымдар» бабының орындалуы: Өңірлік кәсіпкерлер палатасының шығыны мен капиталдық салымын 63,6% көрсетеді немесе 2 383,4 млн теңге жұмсалған. Жалпы Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымы ұқсас. Шығынның негізгі бөлігі 627 штаттың бірлікке (72,8%) еңбекақы төлеу қорына, коммуналдық қызметі бар кесені жалға алу (14,5%),басқа ұйымдардың қызметтері (3,6%), байланыс және почта қызметі (2,2%), іс-шара ұйымдастыру 1,6%), іс-сапар шығынына (1,1%) тиесілі. «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудандар мен моноқалалардағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын кеңсе техникасымен және жиһазбен жабдықтау үшін 83,3 млн теңге капиталдық салым аударылды, бұл жоспардың 26,4%-ын құрайды.

«Капиталдық салым» бөлімі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына капиталдық салым жүргізілді: 8,8 млн теңгеге негізгі құралдар мен материалдық емес активтер алынды, бұл жоспардың 7,8% құрайды.

«Инвестициялар» бөлімі

2015 жылы инвестиция жүзеге асырылды – ҰКП еншілес ұйымдарының 371 мың теңге жарғылық капиталы құрастылды, оның ішінде 185,2 мың теңге – «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС, 185,2 мың теңге – «Тауарлардың шыққан жері туралы сертификаттау орталығы», 0,1 мың теңге – «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС.  

Бюджет бабы

Жоспар, млн теңге

Нақты, млн теңге

Ауытқу (+/- ), млн теңге

Орындалу, %

ТАБЫС

11 169,7

8 254,8

-2 914,9

73,9%

Міндетті мүшелік жарна

7 136,5

4 453,5

-2 683,0

62,4%

Қызмет көсретуден түскен табыс

4 033,2

3 801,3

-231,9

94,3%

ШЫҒЫС

10 804,6

8 210,9

-2 593,6

76,0%

Кезеңдік шығын (әкімшілік шығын)

3 024,3

2 558,5

-465,8

84,6%

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтеусіз негіздегі аударымдар

3 747,1

2 383,4

-1 363,7

63,6%

«Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауын өткізу, мемлекеттік тапсырманы орындау

4 033,2

3 269,1

-764,1

81,1%

Салық салуға дейінгі табыс

365,2

43,9

-321,3

12,0%

Корпоративтік табыс салығы

242,0

57,3

-184,7

23,7%

Таза табыс / шығын

123,2

-13,4

-136,6

 

КАПИТАЛДЫҚ САЛЫМ

113,3

8,8

-104,5

7,8%

Негізгі құралдарды алу

84,2

8,3

-75,9

9,9%

Әкімшілік сипаттағы және өндірістік емес салаға капиталдық салым

29,1

0,5

-28,6

1,7%

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

0,2

0,4

0,2

199,5%

Жарғылық капиталға салым

0,2

0,4

0,2

199,5%

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бюджеті (ары қарай – ҰКП) «Табыс», «Шығыс», «Капиталдық салым бөлімдерінен тұрады.

«Табыс» бөлімі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында шамамен 1 млн мүше бар – тіркелген кәсіпкерлік субъектілері, олардың ішінде 2014 жылы міндетті мүшелік жарна төлеушілер саны – 19 199 (1840 субъектіның 2013 жылғы жиынтық табысы 2,6 млрд теңгеден астам – 8,1 тлн теңге төлеушілер және 17 359 субъектінің 2013 жылғы жиынтық табысы 103,9 млн теңгеден астам, бірақ 2,6 млрд теңгеден кем емес – 296,3 мың теңге). Бизнестің  субъектісінің 98%-ы 2019 жылға дейін міндетті мүшелік жарна төлеуден босатылған.

Міндетті мүшелік жарна төлеушілердің жалпы жиынтық міндеті 20 138 млн теңгені құрады. Бастапқыда бюджетті бекіткенде міндетті мүшелік жарнадан  14 013 млн теңге немесе жиынтық міндеттен 69,6% түседі деп болжанған. Кейін жыл соңында бюджетке түзету енгізгенде жоспар 7 000 тлн теңгеге түзетілді.

Осылайша, 7 000 млн теңге жоспарында 2014 жылы нақты түскен міндетті мүшелік жарна көлемі 8 012,1 млн теңге немесе түзетілген жоспардан 114,5% (39,8% жиынтық міндеттен), 19 199 субъектінің 7 531-і міндетті мүшелік жарна төлеген.

«Шығыс» бөлімі

4 849,4 млн теңге шығындалды (орындалу 98,3%), оның ішінде күту мен ҰКП орталық аппаратының ағымдағы шығынына – 2 180, 7 млн теңге бөлінді (орындалу 101,6%), өңірлік палалар мен олардың филиалдарына – 2 668,6 млн теңге (орындалу 95,7%).

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бекітілген штаттық саны – 375, ал 2014 жылы 31 желтоқсанда нақты саны – 263. Еңбекақы қорына аударыммен шығын 1 344,9 млн теңге немесе жылдық жоспардан 99,5 %. Мұнымен қоса, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еңбекақы төлеу жүйесінде сыйақы төлеу, еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы мен материалдық көмек қарастырылмаған.

Кеңсе орындарын жалға алу бойынша нақты шығын 468,9 млн теңге немесе жоспардан 109,8%-ды құрады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде жалға алынатын кеңсе орындарының  нормасы:

- республикалық деңгейде: мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ аппаратын орналастыру үшін орындау нормасы арасындағы орташа мән. Мысалы, министрліктің қатардағы қызметкеріне 7,5 ш.м нормасы бекітілген, ал «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – 9,5 ш.м., Ұлттық кәсіпкерлер палатасында республикалық деңгейде әр қызметкерге 8,5 ш.м. нормасына қолданылады.

- облыстық және аудандық деңгейде: ҚР  Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 «Мемлекеттік орган апараты мен арнайы орынжайлардың ауданының нормасы және телефон байланысын пайдалану ережесінің нормасы және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған нормаларға сай.

Өзінің ерекшелігіне қарай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жалға алатын орынның көп бөлігі 5 мәжіліс залынан тұрады, онда күн сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: салалық комитеттердің отырысы, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнесмендер, қауымдастықтар, шетелдік делегациялармен кездесулер, өңірлермен бейне-байланыс арқылы жиыналыстар және т.б.

Іс-сапар шығынаны 40 млн теңгені құрады немесе жоспардың 94,9% орындалды, оның ішінде үштен бір бөлігі Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік (Еуразиялық экономикалық одақ) аясында мәселелерді пысықтау қажеттілігіне негізделген шетелдік сапарларға жұмсалды (Мәскеу, Минск, Қазан). Мәлімет үшін, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бірыңғай экномикалық одақ туралы келісімшарттың жобасына 120 ескерту берді, оның 90% соңғы құжатқа енді. Шетелдік іссапар бойынша ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.02.2008 ж. № 108 (Республикалық және жергілікті бюджет есебінен шетелге қызметтік іссапар шығынын мемлекеттік қызметкердің өтеуі  туралы» қаулысына сай бекітілген.

Тауарлық-материалдық қор алуға (кеңсе тауарлары, шығыс материалдары, билбордтар, баннерлер және т.б.) нақты шығын 35 млн теңге немесе 92,9% құрады.

«Материалдық емес құрал-жабдықтардың өтемпұлы» бабын орындау 20,5 млн теңгеге 89,7%-ды құрады.

Байланыс және почта қызметінің шығыны – 25,8 млн теңге (орындалу 100,1%).

Іс-шара өткізуге кеткен шығын – 40,4 млн теңге немесе жоспарланған сомадан 119%. 2014 жылы өткізілген негізгі шаралар: Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І Съезі, ҰКП Төралқасы, БАҚ-пен кездесу, ҚР Парламенті Мәжілісінің комитеттерімен көшпелі отырыстар.

Сырттағы ұйымдардың қызметіне нақты шығын – 190,4 млн теңге немесе жоспардан 104,1% құрады. Басқа ұйымдардың қызметіне негізгі шығын:

- ҰКП қызметін жүзеге асыратын аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) қаржыландыруға 77,7 млн теңге бөлінді;

- ҰКП қызметін қамтамасыз ету үшін IT қызметіне (электронды құжат айналымын  мен байланыс-орталығы, корпоративтік почта, АТС техникалық қолдау және тб.б. дайындау және техникалық қолдау) 83,6 млн теңге;

- PR қызметіне (PR-сараптама, бренд мониторингі, ақпараттық қызмет, кәсіпкерлерге арнап оқытуға бейне-роликтер дайындау, ресми ақпаратты жариялау және т.б.) 31,6 млн теңге.

Басқа да шығындарға (банк қызметі, ақпараттық қызмет, қызметкерлерді сақтандыру шығыны және т.б.) 8,4 млн теңге немесе жоспардан 55,2% болды.

Қаржылық шығын 6,4 млн теңгені құрады (2013 жылы қаржылық қиындық кезеңінде қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесі).

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының шығыны мен капиталдық салымын көрсететін «Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына өтеусіз негіздегі аударымдар» бабының орындалуы 95,7% болы немесе 2 668,6 млн теңге. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы шығынының құрылымы ҰКП шығынымен ұқсас. Жоғарыда көрсетілген соманың негізгі бөлігі 682 штаттық бірлікке аударыммен еңбеақы төлеу қорына тиесілі (70%), бекітілген штат саны – 721 бірлік.

Осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша бюджет профициті 3 162,7 млн теңгені құрады.

«Капиталдық салым» бөлімі

Капиталдық салым жүзеге асырылды: 37,9 млн теңгеге негізгі құрал және материалдық емес құрал-жабдықтар алынды, жоспардың 60%-ын құрайды. 

Бюджет бабы

Жоспар, мың теңге

Нақты, мың  теңге

Ауытқу (+/- ), мың  теңге

Орындалу, %

ТАБЫС

7 000 000

8 012 063

1 012 063

114,5%

Міндетті мүшелік жарна

7 000 000

8 012 063

1 012 063

114,5%

ШЫҒЫС

4 934 735

4 849 360

-85 376

98,3%

Кеңседегі шығын (әкімшілік шығындар)

2 145 960

2 180 712

34 751

101,6%

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтеусіз негіздегі аударымдар

2 788 775

2 668 648

-120 127

95,7%

БЮДЖЕТ ПРОФИЦИТІ

2 065 265

3 162 703

1 097 438

153,1%

КАПИТАЛДЫҚ САЛЫМ

63 119

37 847

-25 272

60,0%

Негізгі құралдар мен материалдық емес құрал-жабдықтарды алу

63 119

37 847

-25 272

60,0%

Еншілес ұйымдар

Серіктестер