«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Міндетті мүшелік жарна туралы

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (Кодекстің 59-бабының 1-тармағы) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңына (Заңның 28-бабы 1-тармағы) сәйкес  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ары қарай – Ұлттық палата) мүшелері болып, егер Кодекс және Заңмен басқасы белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Заңның 1-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері, яғни кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасы территориясында кәсіпкерлікпен айналысып жатқан коммерциялық заңдық тұлғалар, шаруа (фермерлік) қожалықтар, жеке кәсіпкерлер болып табылады. 

Кодекс (58-б., 2-т.) және Заңға (4-б., 2-т.) сәйкес Ұлттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға міндетті мүшелік белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (тіркеу жазбасынан өткен) кәсіпкерлік субъектілердің Палатаға міндетті түрде мүшелік қағидаты бойынша құрылады.

Міндетті мүшелікке негізделген кәсіпкерлік қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұймдардың мүшесі болып отырған кәсіпкерлік субъектілеріне  Ұлттық палатада кәсіпкерлік субъектілердің міндетті мүшелік қағидаты жүргізіледі.

Осылайша, Ұлттық палатаға төменде көрсетілген:

  1. коммерциялық емес ұйымдар;
  2. басқа коммерциялық емес ұйымдарға міндетті мүшелігі берілетін ұйымдар: бағалау, аудит (қоршаған ортаны қоса алғанда), сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар;
  3. мемлекеттік кәсіпорындар;
  4. шетелдік мемлекеттер территориясында тіркелген шетелдік заңды тұлғалар (резидент емес);
  5. Қазақстан Республикасындағы филиалдар мен өкілдіктер, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар субъектілерден басқа барлық кәсіпкерлік субъектілері мүше.

Мүшелік жарнаны төлеу

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға  (28-бабы 3-тармағы) сәйкес ҰКП мүшелері мүшелік жарнаны төлеуге міндетті.  

  Заңға сәйкес (29-баптың 4-тармағы) Ұлттық палата Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органы берген ақпарат негізінде міндетті мүшелік жарнаны есептеу  мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне төлемді белгілейді.

 Міндетті мүшелік жарнаны анықтау критерийлері

Заңға сәйкес (29-б., 2-т.) міндетті мүшелік жарна мөлшерін анықтау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері екі топқа бөлінеді:

 1)  өткен күнтізбелік есептік жыл ішінде жылдық жиынтық табысы 60 000 АЕК-тен жоғары емес кәсіпкерлік субъектілері (3-топ субъектілері)

 2) өткен күнтізбелік есептік жыл ішінде жылдық жиынтық табысы 60 000 АЕК-тен жоғары, бірақ өткен күнтізбелік есептік жыл ішінде жылдық жиынтық табысы 1 500 000 АЕК-тен көп емес кәсіпкерлік субъектілері  (2-топ субъектілері);

 Заңға (32-б., 6-т.) сәйкес осы Заңның 29-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері осы Заңның 29-бабының 4-тармағы күшіне енген соң бес жыл ішінде міндетті мүшелік жарнаны төлеуден босатылады. Осылайша 3-топ субъектілері 2019 жылға дейін міндетті мүшелік жарна төлеуден босатылады.

 Осы Заңның тармағын жүзеге асыру мақсатында есептік күнтізбелік жыл оның ішінде міндетті мүшелік жарна төлеген жыл болады. Мысалы жылдық жиынтық табысы 2017 жылға 136 140 000 теңге  болған кәсіпкерлік субъектілері мүшелік жарна төлеуден босатылады.

 Жылдық жиынтық табыс

 Қазақстан Республикасы Салық кодексіне (225-б., 1-т.) сәйкес резидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңі ішінде осы тұлға Қазақстан Республикасында және шетелде алатын (алынған) кірістерден тұрады.

 Қазақстан Республикасы Салық кодексіне (226-б., 1-т.) сәйкес салық төлеушінің барлық табыс түрлері қосылады.

Осы ретте Заңмен міндетті мүшелік жарнаны анықтау кезінде Заңда Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 241-бабымен реттелетін жылдық жиынтық табысты түзету көзделмеген.

Міндетті мүшелік жарна мөлшерін белгілеудің жалпы механизмі

Заңға (5-б., 1-т., 1-тр.) Үкімет міндетті мүшелік жарнаның шекті межесін Заңның 29-бабы 2-тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері үшін анықтайды. Ал ҰКП-дағы мүшелік жарна көлемі ҰКП Съезінде бекітіледі.  Заңның 29-бабы 2-тармақшада көрсетілгендей міндетті мүшелік жарналарды бекіту мақсатында Съезд кәсіпкерлік субъектілері топтары ішінде сұрыптау жұмыстарын белгілейді.

Заңға сәйкес (19-б., 3-т., 5-тр) Ұлттық палатаның Съезі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітеді. Осы кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР Үкіметі міндетті мүшелік жарнаның шекті мөлшерін бекітеді.

Осылайша Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті мүшелік жарнаның шекті мөлшерін белгілейді, Ұлттық палатаның Съезі міндетті мүшелік жарнаның шекті мөлшерінен аспайтын нақты мөлшерін белгілейді.

 Міндетті мүшелік жарнаның шекті мәндерін белгілеу және нақты мөлшерін бекіту нақты бір жылға тіркелмеген, яғни жарнаны жыл сайын белгілеу қажеттілігі жоқ,

 Міндетті мүшелік жарнаны төлеу мерзімі

 Заңға сәйкес 2014 жылға міндетті мүшелік жарнаны төлеу мерзімі 2014 жыл 31 желтоқсанға дейін белгіленді.

Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес (29-б., 5-т.)  кәсіпкерлік субъектілері міндетті мүшелік жарнаны ағымдағы жылдың 25 мамыр, 25 тамыз, 25 қарашасынан кешіктірмей тең бөліктерде төлейді.

 Мәселен, 10-категорияның 1-топ субъектісі 2018 жылдағы міндетті мүшелік жарнаны 7 287 150 теңге мөлшеріндегі жарнаны 2018 жылдың 25 мамыр, 25 тамыз, 25 қарашасынан кешіктірмей 2 429 050 теңге бойынша тең үш траншпен төлейді.

 Міндетті мүшелік жарнаны БАҚ көздерінде жариялау

 Заңға (29-б., 1-т) сәйкес Съезбен бекітілетін міндетті мүшелік жарнаның мөлшері жыл сайын 1 шілдеге дейін Ұлттық палатамен бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернет-ресурстарда жарияланады.

Міндетті мүшелік жарнаға салық салынуы

 ҚР Салық кодексі бойынша (368-б.) қосылған құн салығын салу объектісі салық салынатын айналым болып табылады.

 ҚР Салық кодексіне сәйкес (269-б.) салық салынатын айналым қосымша құн салығын төлеуші жасаған айналым болып табылады:

 1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым.

 2) осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

 3) тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.

 Осы ретте ҚР Салық кодексіне (372-б., 2-т) сәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызметтер көрсетуді, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.

 Заң бойынша (1-б.), міндетті мүшелік жарна – кәсіпкерлік субъектілерінің Заңға сәйкес белгіленген тәртіп пен мөлшерде Ұлттық палатаға төленетін жыл сайынғы жарналары.

 Сәйкесінше, міндетті мүшелік жарна Ұлттық палатаға мүше болуымен байланысты, және тауарды (жұмыс, қызмет) жүзеге асыру үшін төлем болмайды. Осылайша міндетті мүшелік жарнаға қосымша құн салығы салынбайды.

 Міндетті мүшелік жарна есебі

 ҚР Салық кодексіне (243-б., 10-т., 2-тр.) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлеген, жеке кәсіпкерлік субъектерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.

ҚР Салық кодексіне (242-б., 3-т.) сәйкес шегерiмдердi салық төлеуші өзінің кіріс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде іс жүзінде жүргізілген осындай шығыстар бойынша жүргiзедi.

 ҚР Салық кодексіне (263-б., 1-т.) сәйкес шот-фактура – қосылған құн салығын төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады, себебі міндетіт мүшелік жарнаны төлеген кезде салық салынатын айналымның жоқтығы салдарынан Ұлттық палата шот-фактураны жазып бермейді.

 Сонымен қатар міндетті мүшелік жарна тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу үшін төлем болмағандықтан Ұлттық палата атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет актілерін бермейді. Осылайша төлеген міндетті мүшелік жарна шығындарды тану үшін кәсіпкерлік субъектілері Заңның нормалары мен төлеуге берілген шот негізінде міндетті мүшелік жарна төлеуге міндеттеледі. Кәсіпкерлік субъектілерімен Міндетті мүшелік жарнаны төлеген фактісі Ұлттық палатамен салыстырып тексеру актісімен расталуы мүмкін.

 Міндетті мүшелік жарнаны жұмсау мен есептілік

  Міндетті мүшелік жарна бойынша түсімдер  Ұлттық палатаның жыл сайынғы бекітілген бюджетіне сәйкес жарғылық қызметті жүзеге асыруға жұмсалады.

Заң (19-б., 3-т., 4-тр.) бойынша Ұлттық палатаның Төралқасы мен Басқармасының есептерін бекіту Ұлттық палата Съезінің ғана құзыретіне жатады.

 Заңға (19-б., 3-т., 10 тр.) сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға тиесілі  Ұлттық палата қызметі туралы жыл сайынғы есепті бекіту Ұлттық палата Съезінің ғана құзіретіне жатады.  

 Бұған қоса Заңға (24-б.) сәйкес Ұлттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында басқарудың жоғарғы органы болып Ұлттық палатаның 5 адамнан кем емес ревизиялық комиссиясы белгіленеді.

 Төралқа, Басқарма мүшелері, сонымен қатар олардың жақын туыстары ревизиялық комиссияның мүшелері бола алмайды.

 Ревизиялық комиссия өз қызметін Съезд бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер