«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында «Bastau Бизнес» жобасының екінші кезеңіне тестілеу басталды

2017 жылғы 02 Мамыр
- Қостанай облысы

Тегін курсқа қатысу үшін іріктеу 11-13 мамыр күндері өткізіледі

Кәсіпкерлер палатасы Қостанай, Әулиекөл, Қарасу, Қарабалық, Меңдіқара және Федоров аудандарындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды курстан өтуге шақырды. Курс бекітілген кестеге сай бір айға созылады және кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқытуға бағытталған. Тыңдаушыларға стипендия төленеді, курс аяқталған соң сертификат табыс етіледі.  

«Қатысушылар сертификат алып, бизнес-жобаны сәтті қорғаса, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан, микроқаржыландыру ұйымынан және несиелік серіктестерден жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады. Несие алу талабы айтарлықтай жағымды, қарыз жылына 6%-дың мөлшерлемемен беріледі. Курсқа қатысу үшін Кәсіпкерлер палатасының филиалына, аудандық жұмыспен қамту бөлімдеріне немесе әкімдіктерге өтінім беру керек», – деп түсіндірді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгүл Есентемір.

Бүгінде өңірдегі оқытудың алғашқы кезеңі аяқталып келеді. Оған 360 адам қатысып отыр. Жақын күндері олар аудандық топ пен сараптамалық комиссияның алдында бизнес-жобаларын қорғайды. Комиссия құрамында Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Алдағы уақытта Палата жұмыс істеп тұрған бизнеске сервистік қолдау көрсету аясында әрбір жобаны сүйемелдеуге дайын.

«Bastau Бизнес» жобасы мемлекеттік Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017 жылы сәуір айынан Қазақстанның 14 облысында басталды. Жобаның негізгі қорытындысында республика көлемінде 3000 бизнес субъектісі мен жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер