«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

2021 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2021 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

 2021 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

Топ 

Градация

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2020 жылғы АЕК)*  

2020 жылдағы жылдық жиынтық табыс (теңгеде)

Жарналар мөлшері

(2021 жылда АЕК-те)**

бастап

дейін

бастап

дейін

АЕК

теңге

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

1

60 000

150 000

159 060 000

397 650 000

80

233 360

2

150 000

420 000

397 650 000

1 113 420 000

105

306 285

3

420 000

690 000

1 113 420 000

1 829 190 000

130

379 210

4

690 000

1 500 000

1 829 190 000

3 976 500 000

155

452 135

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

5

1 500 000

2 310 000

3 976 500 000

6 123 810  000

505

1 473 085

6

2 310 000

3 120 000

6 123 810 000

8 271 120 000

1 010

 2 946 170

7

3 120 000

3 930 000

8 271 120 000

10 418 430

1 515

4 419 255

8

3 930 000

4 740 000

10 418 430

12 565 740 000

2 020

 5 892 340

9

4 740 000

5 550 000

12 565 740 000

14 713 050 000

2 525

 7 365 425

10

5 550 000

 

14 013 750 000

0

3 030

8

 ** 2020жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге,

*2020 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге.

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және
2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер