«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

2015 жылғы міндетті мүшелік жарна

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2015 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2015 жылғы 27 қаңтардағы №2 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

2015 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

Топ 

Градация

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2014 жылғы АЕК)*  

2014 жылдағы жылдық жиынтық табыс (теңгеде)

Жарналар мөлшері

(2015 жылда АЕК-те)**

бастап

дейін

бастап

дейін

АЕК

теңге

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 1 60 000 150 000 111 120 000 277 800 000 80 158 560
2 150 000 420 000 277 800 000 777 840 000 105 208 110
3 420 000 690 000 777 840 000 1 277 880 000 130 257 660
4 690 000 1 500 000 1 277 880 000 2 778 000 000 155 307 210
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 5 1 500 000 2 310 000 2 778 000 000 4 278 120 000 505 1 000 910
6 2 310 000 3 120 000 4 278 120 000 5 778 240 000 1 010 2 001 820
7 3 120 000 3 930 000 5 778 240 000 7 278 360 000 1 515 3 002 730
8 3 930 000 4 740 000 7 278 360 000 8 778 480 000 2 020 4 003 640
9 4 740 000 5 550 000 8 778 480 000 10 278 600 000 2 525 5 004 550
10 5 550 000   10 278 600 000   3 030 6 005 460

** 2015 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 1 982 теңге, *2014 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 1 852 теңге.

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және
2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер