«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

2018 жылғы міндетті мүшелік жарна

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2018 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

2018 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

Топ 

Градация

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2017 жылғы АЕК)*  

2017 жылдағы жылдық жиынтық табыс (теңгеде)

Жарналар мөлшері

(2018 жылда АЕК-те)**

бастап

дейін

бастап

дейін

АЕК

теңге

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 1 60 000 150 000 136 140 000 340 350 000 80 192 400
2 150 000 420 000 340 350 000 952 980 000 105 252 525
3 420 000 690 000 952 980 000 1 565 610 000 130 312 650
4 690 000 1 500 000 1 565 610 000 3 403 500 000 155 372 775
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 5 1 500 000 2 310 000 3 403 500 000 5 241 390 000 505 1 214 525
6 2 310 000 3 120 000 5 241 390 000 7 079 280 000 1 010 2 429 050
7 3 120 000 3 930 000 7 079 280 000 8 917 170 000 1 515 3 643 575
8 3 930 000 4 740 000 8 917 170 000 10 755 060 000 2 020 4 858 100
9 4 740 000 5 550 000 10 755 060 000 12 592 950 000 2 525 6 072 625
10 5 550 000   12 592 950 000   3 030 7 287 150

** 2018 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 405 теңге, *2017 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 269 теңге.

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және
2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер