«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

2017 жылғы міндетті мүшелік жарна

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2017 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ІІІ Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

2017 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

Топ 

Градация

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2016 жылғы АЕК)*  

2016 жылдағы жылдық жиынтық табыс (теңгеде)

Жарналар мөлшері

(2017 жылда АЕК-те)**

бастап

дейін

бастап

дейін

АЕК

теңге

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 1 60 000 150 000 127 260 000 318 150 000 80 181 520
2 150 000 420 000 318 150 000 890 820 000 105 238 245
3 420 000 690 000 890 820 000 1 463 490 000 130 294 970
4 690 000 1 500 000 1 463 490 000 3 181 500 000 155 351 695
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері 5 1 500 000 2 310 000 3 181 500 000 4 899 510 000 505 1 145 845
6 2 310 000 3 120 000 4 899 510 000 6 617 520 000 1 010 2 291 690
7 3 120 000 3 930 000 6 617 520 000 8 335 530 000 1 515 3 437 535
8 3 930 000 4 740 000 8 335 530 000 10 053 540 000 2 020 4 583 380
9 4 740 000 5 550 000 10 053 540 000 11 771 550 000 2 525 5 729 225
10 5 550 000   11 771 550 000   3 030 6 875 070

** 2017 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 269 теңге, *2016 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш – 2 121 теңге.

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және
2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер